«Білмедім»: AZAL ұшағы жайлы Грозный диспетчері айтып берді
Коллаж: Orda.kz
«Баку—Грозный» бағытына үйлестіруші болған диспетчер Али Идрисов AZAL ұшағын апатты жағдайда «кілем» жоспарымен қондырмақ болғанын апатқа 5 минут қалғанда білгенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
ВЧК-ОГПУ деректеріне қарасақ, «Баку-Грозный» бағытымен ұшқан AZAL әуе компаниясының ұшағы алдымен радиоэлектронды күрес құралдары (РЭБ) кесірінен бағытты көрмей қалған. Кейін Шешенстан үстінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ұшақты атқылаған. Қону процесін үйлестірген диспетчер Әли Идрисов экипаж ұшақтың атып түсірілгенін хабарлағаннан бес минут өткен соң ғана «кілем» жоспарымен қонбақ болғанын білгенін айтты.
Бұрын кәсіби футболшы болған Идрисов Грозныйдың «Терек» (қазіргі «Ахмат») клубында ойнаған. Ол бірнеше жыл бұрын диспетчерлік қызметке ауысқан.
Кеше кешкісін Тергеу комитеті қызметкерлері Әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік корпорацияның жергілікті филиалы қызметкерлерін, оның ішінде куәгер мәртебесіне ие Идрисовты тергеді. Қазіргі уақытта тергеушілер трагедияның егжей-тегжейін анықтап жатыр.
Еске сала кетсек, Тоқаев «арандатуға жол бермеу» жайлы және ұшақ апатына қатысты басқа да шұғыл тапсырмалар берген болатын.
Апат 25 желтоқсан күні болды. AZAL әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бет алған Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңында құлады. 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Әзірбайжан халқы 26 желтоқсан күнін апат құрбандарын еске алу үшін қаралы күн деп жариялады.
Соңғы сапарға аттанған ұшақ жайлы толық ақпаратты тілшіміздің мақаласынан оқыңыздар.
Қазақстан апатқа ұшыраған ұшақтың жазба құрылғыларын («қара жәшіктер») Бразилияның авиациялық оқиғаларды зерттеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім шығарды.
Жаңалықтар
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді
- Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп «Домбыра – дастан» атты ауқымды онлайн концерт ұйымдастырды
- 36 күдікті ұстау изоляторында: Сталкинг бойынша сотқа 51 іс жолданды
- Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
- Рахат Тұрлыханов қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін
- Ауғанстан–Пәкістан соғысы: Кабулдағы ауруханаға соққы жасалды — 400 адам қаза тапты, тағы 250 жарақат алды
- Есірткі өндіруді әкесі үйреткен: Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ашқан
- Қаражатын инвестициялауға үгіттеген: Желі арқылы жұртты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды
- Референдум қорытындысы: 87,15% қазақстандық жаңа Конституцияны қолдады
- Балаларға қатысты зорлық-зомбылық: Тергеу жүйесіндегі негізгі мәселелер қандай?
- Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды