«Беті көгеріп, мұрны қисайған»: Нұрымов көгерген жерлері жайлы айтып берді
Скриншот Orda.kz
Желі қолданушылары Шерзаттың әкесінің алғаш түсірген бейнежазбадағы бейнесі мен қазіргі түрін салыстырып жатыр. Көгерген жерлері жайлы Қаржаубай Нұрымов өзі айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Талғарда 4 қазан күні бір топ бұзақы дүкенге келіп, жанжал туды. Дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, бауыры Нұрқанат және ұлы 16 жасар Шерзат олардан қорғану үшін барын салды. Шерзат сол жерде пышақ жарақатынан қаза болды.
Әкесі өзіне қоқан-лоққы жасап жатқанын мәлімдегеннен кейін 12 қазан күні түн жарымда оның үйін өртеп жіберді. Енді құзырлы органдардар марқұмның отбасын тәулік бойы күзетіп жатыр. Алайда желілерле марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың «мұрны қисайған, беті көгерген» деп, алғаш түсірген бейнежазбасы мен соңғы бейнежазбадағы түрін салыстырған суреттер тарап кетті.
Оқиғаға қатысты айғақ ретінде 3 пышақ, 1 бәкі алынды. Негізінен бұзақылық, кісі өлтіру, қоқан-лоққы жасау, қылмысты құзырлы органдарға хабарламау сынды айыптармен қылмыстық іс қозғалды. Ал соққылар жайлы Қаржаубай Нұрымов өзі жауап берді. Оның сөзінше ешкім қысым жасап жатқан жоқ, ал көгерген жерлері оқиға болған күнгі алған соққылардан қалыпты.
«Баламды арашалап жүрген кезде, сол төбелесте мұрныма, бетіме соққылар тиген. Сол кездегі жарақаттар. Артынан барып көгеріп-ісіп шықты. Қазір енді мұз қойдық, дәрі жақтық. Басылды. Бәрі дұрыс», — деді Қаржаубай Нұрымов.
Сыра үшін де, басқасы үшін де ақша төленген. Тек неге екені белгісіз сатып алушы мен марқұм Шерзаттың арасында жанжал болды. Қазір құзырлы органдар осыны анықтап жатқанын айтты.
Нұрқанат пен Шерзат сыртта камера түсірмейтін жерде тұрғанда, Қаржаубай аяқ-асты пышаққа ұқсас затты ұстап сыртқа жүгіріп шығады. Осы сәтте сыртта марқұм Шерзат пен оның ағасы және басқа адамдар жанжалдасып жатқан соң ұмтылуы мүмкін. Еске салсақ, бүгін ғана Orda.kz әкесінің «пышақ ұстап келгендерге - қалам ұстап шықпайтын шығармын» дегенін жазған еді. Демек осы сәтте сыртта күдіктілердің қолында қару болуы және бұл қорғану немесе қорғау әрекеті болуы мүмкін.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған бар оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Ал ІІМ мәлімдемесінде «хуторлықтар» жайлы сөзді жоққа шығарып, елімізде ешқандай қылмыстық топ жоқ екенін айтты.
Ішкі істер министрлігінің тергеу ісіне қатысты өткізген баспасөз мәслихатын мына жерден оқыңыз.
Қазір ел арасында резонанс болғаннан кейін, Қаржаубай Нұрымов қандай сөз айтса да, өз сөзіне «митингіге шықпау» жайлы қосып айтады. Соңғы бейнежазбасында ол басқа мемлекетке кететінін айтты.
Әлеуметтік желілерде #шерзатүшін хэштегімен суреттер таралып жатыр. Қазірдің өзінде бұл суретті 730 мың адам салды.
Жаңалықтар
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады