Берік Уәли Тоқаевтың әкесі туралы кітапты қайдан алуға болатынын жазды
Ашаршылық жылдарындағы Тоқа әулеті көрген зобалаң — сол кездегі әр қазақ отбасының басынан өткен қасірет. Мемлекет басшысының ұлттың мұңы мен мұқтажын жақсы түсінетіні де содан болса керек, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
— Бүгін балаларыма қажетті заттарын алуға кітап дүкеніне келген едім. Мұнда талай таптырмайтын қазынаға тап болдым. Соның бірі Мемлекет басшысының «Әке туралы ой толғау» кітабы. Ақтарып отырып кітаптың бұрынғыдан ерекше, заманауи технологиялық мүмкіндіктерді сәтті пайдалана отырып шығарылғанына қуандым, - дейді ол.
Көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Бұл шығармада сонау жиырмасыншы ғасырдың басындағы бір әулеттің басына түскен қайғы-қасірет арқылы тұтас ұлтқа төнген нәубет бейнеленеді. Ашаршылық жылдарындағы Тоқа әулеті көрген зобалаң — сол кездегі әр қазақ отбасының басынан өткен қасірет. Мемлекет басшысының ұлттың мұңы мен мұқтажын жақсы түсінетіні де содан болса керек.
— Президенттің баспасөз хатшысы болғаннан кейін, көпшілік «Әке туралы ой толғау» кітабын қалай табамыз, қайдан аламыз?де п жиі сұрап жатады. Міне, «Әке туралы ой толғау» кітабын осы кітап дүкенінен таба аласыздар. «Жақсы кітап - жан азығы». Бірге оқиық, - деді Президенттің баспасөз хатшысы.
Уәлидің айтуынша, кітаптың бұл шығарылымында туындының екі тілдегі аудионұсқасы флеш-картаға жүктелген, мұқабасына қойылған QR таңба арқылы да тыңдауға болады. Оқырманға қолайлы болуы үшін флеш-картаның ішіне туындының PDF форматтағы электронды нұсқасы да бірге салынған екен. Кітаптың төрт нұсқасы бір жерге топтастырылған.
Жаңалықтар
- ҚМБД даулы жағдайларға қатысты мәлімдеме жасады
- NASA жарты ғасырдан астам уақыттан кейін Айға қайтадан адам аттандырды
- Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты
- Израиль Ирандағы соғыста үнсіз қалды ма? Таяу Шығыстағы жағдайға шолу
- Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі тарады: «Басшылар» қызметкерлерін тақырға отырғызады
- Жалған жұмысқа орналастырған: Ақтауда жүкті әйелдердің әлеуметтік төлемін заңсыз өсірген есепші сотталды
- Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Тоқаевтың Таяу Шығыстағы күрделі жағдайда көрсеткен нық әрі дәйекті қолдауына алғыс білдірді
- Қырғызстан аумағына Ресей ұшағынан оқ-дәрілер түскен
- Италия мен Түркия жағалауында 40-тан аса мигрант қаза тапты
- 15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселонамен» келісімшартқа қол қойды
- Александр Лукашенко Беларусь «соғысқа дайын» екенін айтты
- Трамп Иранды «тас дәуіріне қайтаратынын» мәлімдеді
- Трамп Иран билігі соғысты тоқтатуды өтінгенін мәлімдеді
- Қате диагноз қойылған ба? Шымкентте қайтыс болған әйелдің туыстары жанайқайын айтты
- Астанада бұрынғы әйелінің қыр соңынан қалмаған сталкер жазаланды
- Алматыдағы Республика алаңы не үшін қоршалғаны белгілі болды
- Тоқаев Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға айрықша мән береді
- Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
- Дұшпандар құрлықтағы соғыста қып-қызыл шығынға ұшырайды — Иран СІМ
- Ұлттық банк төрағасы долларға қарағанда теңгеге көп сенім артатынын айтты