Батыс Қазақстанға жақын өңірде жойқын шабуыл: Украина дрондары соққы жасады

cover Фото: «Новости Энгельса»

Бүгін таңертең Украина дрондары Батыс Қазақстан облысымен шектесетін Ресейдің Саратов облысына шабуыл жасады, деп хабарлайды Orda.kz.

Idel.Реалии-дің мәліметінше, облыс губернаторы Роман Бусаргин бұл шабуылды Украинадағы соғыс басталғалы бері ең күшті соққы деп атады. Ресейдің Қорғаныс министрлігі Саратов облысында 54 украиндық дронның атып түсірілгенін мәлімдеді.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, шабуыл Саратов пен Энгельс қалаларына бағытталған. Негізгі нысан – «Энгельс-2» стратегиялық бомбалаушы аэродромы.

«Оқ-дәрі қоймасына соққы жасалғандықтан, жарылыс болды. Жақын маңдағы үйлердің терезелері шағылып, шатырлар мен қоршаулар зақымданды» деп жазады Idel.Реалии.

Ауыл тұрғындарының көбі эвакуацияланды, ал Энгельсте төтенше жағдай режимі енгізілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар