Батыс Қазақстанда өртенген үйден үш адамның денесі табылды

cover Фото: Бейнеден кадр

Батыс Қазақстанда алапат өрт 3 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Кеше, 25 қаңтар күні БҚО ТЖД-ға Ақсай қаласындағы Солтүстік көшесінде жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде, от үйді толық алып кеткені анықталды. Үй ішінен 3 адамның денесі табылды. 

Өрт дереу ауыздықталған. Өрттің жалпы ауданы шамамен 90 шаршы метр болды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. ТЖД өкілдері тұрғындарды абай болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Айта кетейік, «OrdaMed» АҚ басшылығы мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар