Батыс Қазақстанда 107 млн теңгенің жер телімін заңсыз сатқандар сотталды  

cover Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тексеру барысында заңсыз берілген жер телімдерін анықтады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бас прокуратураның мәліметінше, Бәйтерек ауданында жалпы ауданы 45,9 гектар жер телімдері заңсыз берілген.

«Учаскені жеке меншікке беру кезінде белгіленген төлемнің базалық мөлшерлемесі негізсіз төмендетілгені, осылайша учаскелер 1,1 млн теңге көлемінде төмен бағамен сатылғаны анықталды, ал нақты бағасы 107,3 млн теңге болады» делінген хабарламада.

2024 жылдың 16 қыркүйегінде сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар