Батыс Қазақстан облысының 19 мың тұрғынының шетелге шығуы шектелді
Фото: luxfm.kz
Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің мәліметінше, соңғы жылдары қарызын өтемегендіктен шетелге шығуға уақытша шектеу қойылған азаматтардың саны 19 мыңға жетті.
«Бүгінде облыста мұндай 19 195 адам бар. Бұл шара төлемнен жалтарғандарға ықпал ету құралдарының бірі, оларды қаржылық міндеттемелерін орындауға ынталандыру үшін жасалған» деп түсіндіреді департамент.
Саяхатқа шектеу қоюдың негізгі себептері:
- Төленбеген несиелер мен қарыздар.
- Алимент бойынша қарыздар.
- Төленбеген айыппұлдар мен салықтар.
- Сот шешімдерін орындамау.
«Сот орындаушылары қарызды анықтап, борышкерді хабардар еткеннен кейін шектеу туралы шешім қабылдайды. Шара қарыз толық өтелгенге дейін жарамды. Сақ болыңыз және қаржылық міндеттемелеріңізді уақытында орындаңыз! Бұл жағымсыз тосын жағдайларды болдырмауға және қозғалыс еркіндігін сақтауға көмектеседі» деп қорытындылады Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті.
Жаңалықтар
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды