Басын су толы шелекке батыратын: Өгей әкеден қорлық көрген қыздар туған әкелерінің қарауына берілді

cover

Ақтауда 2025 жылы анасынан қорлық көрген екі қыз бейнежазба жариялап резонанс жасаған болатын. Ендігі кезекте сот оларды биологиялық әкесінің қамқорлығына беруге шешім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.

Алты және тоғыз жастағы әпкелі-сіңлілі қыздар биологиялық әкесі — Турал Латифовтың тәрбиесіне берілді. Кіші қыз анасының бірге тұратын ер адамынан, өзі «Рүслан аға» деп атайтын адамнан көрген соққысы мен қатал жазалары туралы айтып берген. Баланың айтуынша, «тәрбиелеу шарасы» ретінде тыңдамағаны үшін немесе ұйықтап қалғаны үшін басын су толы шелекке батырған.

«Содан кейін мұрнымнан қан ағатын», — деген қыз бейнежазбада.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып, сотқа дейін жетті. Іс әуелі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта, кейін апелляциялық сатыда қаралды. 3 ақпанда сот туған әкелерінің талабын қанағаттандырып, балаларды әкелерімен бірге тұратын шешім шығарды. Турал Латифовтың айтуынша, ол қыздарының анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі келтірмейді және алимент өндіру мәселесін көтермейді.

«Ана — бәрібір ана. Балалар қаласа, мен қарсы болмаймын», — деді ол.

Қазан айында түсірілген тағы бір видеода ол Атырауда тұратын биологиялық әкесімен сенімхат рәсімдеу үшін байланыс орнатуға тырысқанын, алайда өз айтуынша, жауап ала алмағанын жеткізген. Қамқоршылық органдары өкілдері бұған дейін әлеуметтік желілерде жасөспірімге кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастыру ұсынылғанын хабарлаған.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар