Басты басымдық — бейбітшілік: Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Фото: Orda.kz коллажы
Екі ел президентінің әңгімелесі Украина тарапының бастамасымен өтті, деп хабарлайды Orda.kz Ақорда мәліметіне сүйеніп.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский 10 тамыз күні түстен кейін сөйлесті.
«Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқы украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне, тіліне шынайы құрметпен қарайтынын атап өтті. Ол халықаралық құқық қағидаттары негізінде Украинада берік бейбітшілік орнауына Қазақстанның сөзсіз мүдделі екенін растады» деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Тоқаев Қазақстан бастапқыда қақтығысты бейбіт жолмен шешуді, бірақ БҰҰ Жарғысын, егеменді мемлекеттер шекараларының қол сұғылмаушылығын және олардың аумақтық тұтастығын сақтай отырып, жақтағанын еске салды.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазіргі күрделі жағдайда Украина мемлекеттілігінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ете отырып, қақтығысты байыпты және ұтымды шешу маңызды. Ол барлық тараптар ежелгі даналыққа сәйкес әрекет етуі тиіс деп санайды» деп жазады Ақорда.
Қазақстан Президенті бейбітшілік жолында жиі кедергі болатын аумақтық проблемалардың күрделілігін түсінетінін жеткізді.
«Қазір басты басымдық — Украина қауіпсіздігінің мызғымас халықаралық кепілдіктері негізінде Украина мемлекеттілігін сақтау» деп келтіреді Ақорда Тоқаевтың сөзін.
15 тамызда Аляскада Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі жоспарланған, онда Украина тақырыбы да талқыланады. Дегенмен Ақ үй Украина президенті Владимир Зеленскийді Аляскаға шақыру мүмкіндігін қарастыруда.
Украина мен ЕО елдері Ресей тарапынан бұған дейін ұсынылған Донбасстан бас тарту арқылы соғысты тоқтату шартын толықтай қабылдамады. Олар соғысты тоқтату жөнінде өз жоспарларын ұсынды.
Иран Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысының кеңесшісі Али Акбар Велаяти Кавказ аймағында АҚШ-тың дәліз құруына жол бермейтінін, бұл жағдайда Ресейдің Тегеранмен одақтас болу-болмауы маңызды емес екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді
- Exit-poll: Референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қолдады
- Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейге жеткізілді — БАҚ
- Жауапкершілікке тек бір азамат тартылды: Бас прокуратура мен ІІМ Референдум қорытындысын айтты
- Қазақстанда референдумдағы дауыс беру аяқталды
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді