Балаева ұсталған Перизат Қайрат жайлы пікір білдірді

cover Фото: Instagram / pk01

Су тасқыны кезінде халықтың мұң-зарына құлақ түріп, көмектесуге құлшынған Перизат Қайрат қазір ел сенімін аяққа таптады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ол 1,5 миллиард теңге жымқырған болуы мүмкін. Осы жағдай бойынша мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.

«Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл сонымен қатар алаяқтық пен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын», — деп мәлімдеді Аида Балаева.

Айта кетейік, Перизат Қайрат қайырымдылық ақшасына Астананың қымбат автосалондарынан бірнеше элиталық көлік пен тұрғын үй кешендерінен пәтерлер сатып алған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар