Бала жансақтау бөлімінде: Ішек инфекциясынан жекеменшік балабақша жабылды

cover Фото: Envanto

Меркі аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Ойтал ауылында орналасқан «Нұрай» мектепке дейінгі білім беру орталығының 10 тәрбиеленушісі түсті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қазіргі таңда ішек инфекциясымен 9 ауру тіркелді, 1 энтеровирусты инфекция. 1 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевке жолдаған сауалымызға жауап ретінде  жан-жақты зерттеу жүргізіліп, мамандар тағайындалғаны туралы жауап алдық.

«Қазір оқиғаның себептері анықталып датыр. Орталық жұмысы 2 күнге тоқтатылып, дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ата-аналар хабардар етілді», деп жазылған Жамбыл облысы әкімдігінің хабарламасында.

Біздің деректеріміз бойынша балабақша 2016 жылы ашылған. Оқиғаға қатысты инфекция бір балада болғаны, ішек инфекциясы диагнозымен 9 жағдай расталғаны белгілі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар