Бес әнімнің ақысын бермеді деген композиторға әншінің өзі арыз жазды
Баянсұлу Сағындықтың әлеуметтік желісінен
Композитор Қуат Әбіл әлеуметтік желіге өзінің әншіге деген нарызылығын білдіріп бейнеролик жариялаған болатын. Оның сөзінше, Баянсұлу әнінің сөзіне ақша төленбеген. Көп ұзамай Баянсұлудың өзі де әлеуметтік желіге бұл оқиға турал пікір білдірді. Екі тарап арасында қандай дау туды Orda.kz баяндайды.
Қуат Әбіл әлеуметтік желіде өзін Баянсұлудың 5 бірдей әнін жазған композитор екенін айтып таныстырды және оған соттан келген қағазды көрсетті.
«Баянсұлу алғашында не әні жоқ, не аты жоқ маған келіп: «Аға, мені хит қылсаңыз болды, ақша да, ештеңе де керек емес» деп келді. Қолымнан келгенше көмектестім, Аллаға шүкір 5 бірдей ән жазып бердім, бесеуі де хит. Ендігі мәселе мен барлық әндерге тегін жұмыс істедім. Маған ешқандай қаламақы төленбеген. Продюссермен келісімді бұзғаннан соң, оның маған деген «сыйластығын» көріп жатырмын. Ютубтағы әндерін өшіргізіп тастағанмын, бірақ қайтадан шығарттым. Менің нақты сұраған қаламақымды төлеуден бас тартып жатыр, маған: «Мен сенің әндеріңді айтпасам, хит болмай қалатын еді» деп жауап қайтарды», – дейді Қуат Әбіл жариялаған бейнеролигінде.
Көп ұзамай Баянсұлу Сағындықтың өзі композиторға жауап ретінде бейнеролик жариялады. Оның сөзінше, Қуат Әбіл жалған ақпарат таратып отыр.
«Мен бейнероликті кеш жариялап жатқан себебім, ағалар сөйлеп алсын деп күттім. Қуат Әбілдің жариялаған видеосы маған жала жабу. Оның көрсеткен соттан келген қағазының әнге еш қатысы жоқ. Ол жердегі менің жеке абыройым жеке құқығымды қорғауға арналған құжаттар еді», – деді Баянсұлу Сағындық.
Баянсұлу жалған ақпарат таратып, оның абыройына нұқсан келтіргені үшін шара қолданатынын айтты.
«Екінші мәселе – мен әнге төлем жасаудан ешқашан бас тартқан емеспін. Келісілген бағадан 3 есе артып кеткенін менің қалтам көтере алмады. Бірақ кеше біз композитормен келісіп, қол алысып кеткен болатынбыз. Екі сағат ішінде келісімді алдына әкеп берсек, ол өзінің ойынан айнып қалғанын, әнді бүкіл жерден өшіретінін айтты. Үшінші мәселе – мен 2024 жылы «Ұмытсам да» әнін Қуат Әбілден сатып аламын. Ол 1 жыл бойы өзімде тұрады менің басты қателігім ол әнді ешқандай келісім-шартсыз сатып алғаным, бірақ чектің бәрі менде тұр. Менің бұрынғы продюссеріме ол ән ұнап, оны жариялауды ұсынды. Сөйтіп ол ән хит болып кетті», – деді Баянсұлу Сағындық.
Баянсұлу кейін Қуат Әбіл хабарласып, оларды студияға шақырғанын айтты. Сол кезде Қуат Әбіл олармен бірге жұмыс істеуді ұсынып, келісім-шартқа қол қойған.
«Сол кезде менің продюссерім мен Қуат Әбіл екеуі келісімге отырады. Ол кезде қаржы аз болғандықтан, продюссерім бәрі жақсы болса, алғысы болатынын айтқан. Продюссер Әлішердің оған ақша аударып жатқаны туралы да видеолары бар, ал мен бұған әртіс ретінде араласа алмадым», – деді Баянсұлу.
Сөз соңында Баянсұлу Сағындық мәселенің түп төркіні продюссермен келісім-шартты үзгенінен болып тұрғанын айтты. Оның сөзінше, бұл мәселеде көптеген белгісіз кейіпкерлер бар.
Композитор да көп ұзамай әлеуметтік желіге бейнеролик жариялады. Ол бұл видеодан кейін ештеңе талқылап, бейнеролик жүктемейтінін айтты.
«Макбукқа келер болсақ, мен олардан ешқашан макбук сұраған емеспін, өздері әкеліп сыйға берді. Мен оны жарытып пайдаланбаймын да. Ал ақша мәселесіне келер болсақ, маған ешқандай да ақша төленген жоқ. Төлесе дәлелімен әкеп берсін. Ал «Ұмытсам да» әнін менен келіп әпкесі екеуі сатып алған. 708 мың теңгеге. Кейін тағы Баянсұлу менің оларға хабарласқанымды айтты. Шын мәнінде олар маған хабарласты. Алматыға келгенін, шығармашылықты бастайын дегенін айтты», деді Қуат Әбіл.
Қуат ешқандай әнін сатпайтынын айтты. Келісім барысында ол ән сатпай, аренаға барғанша бірге жұмыс істеп, кейін аренаға жеткен соң ғана ақша алатынын айтты.
«Продюссерімен келісімді бұзғаннан соң, ол маған хабарласып бірге жұмыс жасай алатынымыз ба, жоқ па сол туралы сұрап хабарласты. Демеушісі бар екенін айтты. Егер менімен жұмыс жасағың келсе 1,5 млн-ға келіскен болатынбыз. Бірақ мен келісімге отырмаймын деп айттым. Одан кейін Баянсұлудың адамдары хабарласты. Министрліктен адамдар хабарласты, студияма тіпті келген адамдар болды», — деді Қуат Әбіл.
Сөз соңыда композитор халықтан бағаны естіп шошымауды сұрады. Оның айтуынша, автор өзін-өзі бағаламаса, оны ешкім бағаламайды.
Оқи отырыңыз:
- Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды
Жаңалықтар
- Жетісулықтар тағы бір жер асты дүмпуін сезді
- Бес әнімнің ақысын бермеді деген композиторға әншінің өзі арыз жазды
- Ұсталған Әділетхан Молдахан туралы не белгілі?
- Сәуірден бастап бақылау күшейеді: аударымдар да назарда
- Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады
- Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
- Жетісу облысында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды
- Алматыда әр бесінші мопед тіркелген: Курьерлік қызметтер мотокөлікті көбейтіп жіберді
- Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды
- Мүлкін иемденгісі келген: Павлодарда әйелін әдейі суға батырып өлтірген ер адам сотталды
- 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғанын полиция растады
- Израильде өлім жазасы неге бәріне бірдей жүрмейді? Заңға шолу және халықаралық реакция
- Израильде терроризм үшін сотталғандарға өлім жазасын кесетін заң қабылданды
- Сапасыз жолдан көлігіңіз сынса — «ҚазАвтоЖол» ақы төлейді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
- Тоқаев ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жобасын мақұлдады
- Трамп: АҚШ Ирандағы әскери операцияларды тоқтату мәселесін талқылап жатыр