Азық-түлік бағасының өсуіне байланысты 8 тергеу басталды

cover

Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Бұл туралы  Orda.kz   порталы PrimeMinister порталына сілтеме жасап хабарлады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны төмендету туралы 68 хабарлама шығарып,  8 тергеу тағайындады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сауда үстемесінен асып кету және сыйақы алудың 46 фактісі белгілі болды.

Аталған жағдайлар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Осы өңір басшыларына шекті сауда үстемесінен асыра белгілеген сауда нысандарын жауапкершілікке тарту жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.

— Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мәселесі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Азық-түлік бағасы – бұл әлеуметтік өзекті мәселе. Үкімет инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін, бірінші кезекте агроөнеркәсіп кешені секторындағы құнды қалыптастырудың бүкіл тізбегі бойында бағаларды тұрақтандыруды іске асырады, - деді Мамин.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдары өнімі төмен болды. Сондықтан бағаның өсуі мен көрші елдер ауыл шаруашылығы өніміне сұраныстың артуы байқалады. Биыл 8 айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 9,7%-ке өсті.

Дегемен соңғы айда бағаның 0,7 процентке төмендеуі байқалды. Инфляцияға қарсы ден қою шаралары аясында 2021 жылы Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 87 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды жоспарлап отыр.

Сатып алынатын дақылдар тізбесі 4-тен 9-ға дейін кеңейтілді, олар: жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, рапс, зығыр, соя, қарақұмық. Аталған өнімдер ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ұн тарту кәсіпорындарына, құс және мал шаруашылығы шаруашылықтарына өткізу үшін пайдаланылатын болады.

Кеңесте Мамин әкімдіктер мен министрліктерге инфляцияға қарсы шаралар кешенінің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар