Әзірбайжанмен бейбітшілікте болу үшін Армения Конституцияны өзгертуге дайын - Пашинян
Фото: primeminister.am
Бұл туралы Армения премьер-министрі БҰҰ Бас ассамблеясы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
БҰҰ мінберінен сөз сөйлеген Армения премьер-министрі егер елдер арасында бейбітшілік келісімі жасалса, құжат елдің Конституциялық сотына жіберілетінін түсіндірді.
«Егер біздің Конституциялық сот Әзірбайжанмен бейбіт келісім Армения Республикасының Конституциясына қайшы келеді деп шешсе (бірақ біздің сарапшылар бұл екіталай деп сендіреді), онда біз бейбітшілікке қол жеткізу үшін конституциялық өзгерістер қажет болатын нақты жағдайды қарастырамыз» деген Никола Пашинянның сөзінен DW үзінді келтірді.
Сонымен бірге, Пашинян Конституциялық сот Конституцияға қайшылық таппаса, Арменияның келісімді ратификациялауына ешқандай кедергілер болмайтынын мәлімдеді.
Дегенмен Әзірбайжан бейбіт келісімге келу үшін көрші елдің Конституциясын өзгертуді талап етіп отыр. Бұған Арменияның Тәуелсіздік Декларациясына сілтеме жасауы себеп болуда. Атап айтқанда, Армян КСР Жоғарғы Кеңесі мен Таулы Қарабақ Ұлттық Кеңесінің «Біріктіру туралы» бірлескен қаулысына сілтеме жасаған.
«Егжей-тегжейлі түсіндірмей-ақ айта кетейін, біздің Конституцияда мұндай ештеңе жоқ. Әзірбайжанға қатысты аумақтық шағымдар жоқ және біз бұл туралы барлық мүдделі халықаралық серіктестерімізге толық жазбаша дәлелдемелер бере аламыз. Оның үстіне Әзірбайжан Конституциясында Армения Республикасына қарсы аумақтық талаптар бар. Бірақ назар аударыңыз: біз Әзірбайжан Конституциясын бейбіт келісімге кедергі деп санамаймыз», - деді Пашинян.
Армения мен Әзірбайжан арасындағы бітімгершілік үдерісі 2023 жылы Әзірбайжан аймақты толық бақылауға алған кезде аяқталған Таулы Қарабақтағы қақтығыс аясында өтіп жатыр.
Алайда елдер арасында бітімгершілік келісімге әлі қол қойылған жоқ.
Қазақстан Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығысты реттеудегі маңызды делдалдардың бірі. 2024 жылдың 11 мамырында Алматыда екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөздері өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық