Әзірбайжан президенті парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау жариялады

cover Фото: Адырна

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев алтыншы шақырылымдағы Милли Мәжілісті тарату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.

Әзірбайжанның Azertag ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылғы 21 маусымдағы жарлыққа сәйкес:

• Алтыншы шақырылымдағы Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжілісі таратылды;

• Милли Мәжіліске мерзімінен бұрын сайлау 2024 жылдың 1 қыркүйегіне белгіленді.

Қазақстанда да жұма күні парламент таратылды. Рас, тек демалыс үшін. Депутаттар 1 қыркүйекте жұмыстарына қайта оралады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар