«Азия-авто» топ-менеджерлеріне үкім шықты: ешкім түрмеге қамалмады

cover Фото: freepik.com

Өскеменде сот «Азия-Авто» компаниясының топ-менеджерлеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жалпы саны 8 адам сот алдында жауапқа тартылды. Оларға алаяқтық, ақшаны жылыстату, салық төлеуден жалтару сынды айыптар тағылды. Сот 8 адамның екеуін ақтады. Алайда барлық сотталушылар босатылды. Себебі өзгелерге берілген бас бостандығынан айыру 2,5 жылмен 2 жыл 8 айды құраған. Бірақ сот оларды қамауға алынған күнінен бастап есептеп, жазаның өтелгенін айтты.

Атышулы іс бойынша жәбірленушілер қатарына Jusan Bank және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кіреді. «Азия-Авто» басшылары Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаевқа қатысты сот әлі де жалғасуда. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар