Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді

cover Фото: armiya.az

Әзербайжаннан Иранға жіберілген гуманитарлық көмек Астара шекаралық өткізу бекеті арқылы өтіп, Ислам Республикасы аумағына жетті, деп хабарлайды Orda.kz.      

Гуманитарлық көмек құрамына азық-түлік тауарлары мен алғашқы медициналық қажеттілік құралдары кіреді.

Атап айтқанда, 10 тонна ұн, 6 тонна күріш, 2,4 тонна қант, 4 тоннадан астам ауыз су, шамамен 600 килограмм шай, сондай-ақ 2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар жіберілді.

Еске салсақ, Иран қарулы күштері Кипрге, Түркияға және Әзербайжанға шабуыл жасамаған. Бұл туралы Иран СІМ ресми өкілі Исмаил Багаи брифинг барысында мәлімдеді.

Нахчыван әуежайына Иран дрондары шабуыл жасады деп Әзербайжан билігі осы оқиға бойынша Ираннан түсініктеме талап еткен болатын.  Олар Иран әрекетін халықаралық құқық бұзу деп атап, алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу үшін түсініктеме беруді және шара қабылдауды талап етті. 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар