«Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
DALL-E нейрожелісі арқылы жасалды
Сыртқы істер министрлігі «Азаттық радиосында» жұмыс істейтін 7 журналиске аккредитация бермеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазір басылым сот ісіне дайындалып жатыр. Редакция министрліктің аккредитация бас тартуы 1 жыл бұрын қабылданған жаңа ережелерімен байланысты деп санайды. Ал Media Qoldau медиа орталығы «Азаттық» басылымы елімізде ресми аккредитациядан өткенін, министрлік бас тартудың нақты себептерін атамағанын айтты.
«Жауапты созып жүрулерінің себебін айтпай, СІМ журналистердің конституциялық құқықтарын шектеді», – деп жазды Media Qoldau заң қызметінің басшысы Гүлмира Біржанова өзінің әлеуметтік желісінде.
Заңгерлердің айтуынша, СІМ әрекеті ҚР Конституциясының 20-бабын бұзып отыр. Онда пікір білдіру және ақпарат алу бостандығына кепілдік берілген. Сондай-ақ, олар бейінді заңның 4-бабына сәйкес шетелдік БАҚ журналистері аккредитациясыз жұмыс істей алмайтынын да еске салды.
Еске сала кетейік, Orda.kz бас редакторы Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді.
Жаңалықтар
- Мектеп оқушылары қосымша бір апта демалады
- Жерде магниттік дауыл басталды: Қандай өзгеріс болады?
- Нұрай ісі: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
- Масамен күреске 13,6 млрд теңге бөлінбек: Павлодар облысы әкімдігі бұған не дейді?
- Түркістан облысында заңсыз алтын өндірген 12 адам тергеуге алынды
- Зеленский украиналық 55 мың сарбаз қаза тапқанын мәлімдеді
- Милан Олимпиадасының спорттық сайыстары басталды
- Блогерлер ісі: Жаңабыловтарға қатысты тергеу аяқталды
- Жапонияда қалың қардан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті
- Петропавл маңындағы орманда үсіп қалған 18 жастағы жігіттің денесі табылды
- Министрлік қызылша ауруы өршуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
- Пәкістандықтар Тоқаевты саясат қайраткерлеріне берілетін орденмен марапаттады
- Қазақстан мен Пәкістан стратегиялық әріптес атанып, 37 құжатқа қол қойды
- Тоқаев Пәкістан премьерімен не туралы сөйлесті?
- Запастағы 850-ден астам офицер әскери қызметке шақырылады
- Ресейде мектеп оқушысы сыныптастарын өртеп, балға ала жүгірді
- Қазақстандық дәрігерлер «Нипах» ауруының алдын алу бойынша үндеу жасады
- Илон Маск байлығы 800 млрд-тан асқан тарихтағы алғашқы адам
- «Орнына мені ұр деп айтатынмын». Талдықорғанда туған әкесі ұрып-соққан 3 жасар баланың жағдайы белгілі болды
- Ресейде тараздық екі жігіт диверсия жасап істі болды