AZAL ұшағының неліктен Ақтауға қонуға шешім қабылдағаны белгілі болды
Фото: Orda.kz
Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines Embraer-190 ұшағының ұшқыштары неліктен Ақтауға қонуға шешім қабылдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Media.az мәліметінше, ұшқыштардың Ақтауды таңдағаны 29 адамның аман қалуына себеп болған. Ұшқыш-нұсқаушы Вугар Мехдизаденің айтуынша, ұшақтың Ақтауға бағытталуының себебі – қаланың әуежайы айналасындағы жер бедерінің таулы емес, тегіс болуы. Ұшақ басқарылмай қалғандықтан, капитанның дәл осы жерде апатты қону туралы шешімі дұрыс болған. Мехдизаде ұшқыштардың қиын жағдайда Қазақстанға дейін жеткенін атап өтіп, олардың ерлігі мен кәсібилігін жоғары бағалады.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Embraer E-190 ұшағы Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатып, Қазақстанның Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырады. Ұшақта 67 адам болған, оның ішінде 5 экипаж мүшесі және 62 жолаушы. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.
Апаттың нақты себебі әлі анықталмағанымен, Әзірбайжан билігі Ресей зымыраны соққысынан зақым келді деп есептейді.
Жаңалықтар
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды