Қазақтың рухын көтеру үшін, шындықты әдемі түсіріп беру керек – Жапарханов

cover

«Ирина Қайратқызы» тобының мүшесі, «Отыздан асып барамын» фильмінде басты рөлді сомдаған Алдияр Жапарханов шығармашылық туралы өз ойларымен бөлісті.

Ол халықтың рухын көтеру үшін шындықты түсіру жеткілікті деп санайды.

Өз пікірімен жаңа жазбасында Instagram-да бөлісті.

«Барлықтарыңызға рахмет, бірақ бір байқағаным, қазақтың рухын көтеру үшін, әшейін ғана шыңдықты әдемі түсіріп беру керек екен.

Біздің Қуаныш гений сөзсіз. Бүкіл командаға да рахмет, естеріңізде болсын ИК деген енді 6 бала емес, бүкіл көмектескен жұрт.

Тәуелсіздік деген аманат, біз - келесі толқын жастары оны толықтай түсінуіміз керек» деп жазды ол.

Бұған дейін Мақпал Жүнісованы сомдаған актриса халық әртісінен кешірім сұраған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар