Қазақстанның хоккей құрамасы Беларусьтерді 2:0 есебімен жеңді

cover

Латвияда өтетін әлем біріншілігі алдында Қазақстан хоккей құрамасы Беларусьтерді жеңді.

Бұл туралы Orda.kz Хабар арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Шешуші сайыста Қазақстан құрамасы қарсыластарының қақпасына екі шайба соқты.

Ертең, 15 мамырда қос команда тағы бір жолдастық матч өткізеді.

Еске салсақ, біріншілік 21 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді.

Ұлттық құрама турнирді 22 мамыр күні мұз айдыны қожайындарына қарсы ойынмен бастайды.

Команда капитаны болып Әлихан Әсетов таңдалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар