Қазақстандық қыз Стамбұлда қамауға алынды

cover

Қазақстандық қыз Стамбұлда қамауға алынды. Бойжеткен Түркия азаматына зақым келтірген деп айыпталуда.

Бұл туралы Orda.kz Aibat-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Үш қыз түнгі клубқа барғанда, күзетшілер оларды кіргізбей қойған. Шығудан бас тартқан үшеудің бірін сақшылар күштеп шығармақ болған. Сол сәтте қазақстандық қыздардың бірі күзетшінің саусағын тістеп алыпты.

Алайда бейнекамерада жігіттердің ол қызға бірнеше мәрте қол жұмсағаны анық байқалады. Ал саусағым ісіп кетті деген күзетші ауруханада ем алып жатыр. Күзетшінің саусағын тістеп алған отандасымыз қамауға алынды.

Қазіргі уақытта бейнежазба тексеріліп, тергеу жүргізілуде. Бас консулдық жерлесімізбен байланыста отырғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар