Қазақстанды цифрландыруға қанша қаражат кеткені белгілі болды

cover Фото: Orda.kz редакциясының иллюстративті суреті

Қазақстанның цифрлық трансформациясы бойынша жобаларды жүзеге асырудағы Ресеймен өте тығыз ынтымақтастық қазақстандықтарға әр түрлі әсер етті. Жаңа жобаның қаржысы шамамен 500 млн доллар немесе 213,5 млрд теңге.

«Цифрлық жарқын болашақтың» нақты шығындары анықталмаса да, Orda.kz редакциясы бұрынғы жобалардың шығындары қандай болғанын анықтады.

Цифрландыру бюрократиялық машинаның жұмысын ұйымдастыру әдісіне айналды. Дегенмен, әдемі орам, ашықтық пен қарапайымдылықты іске қосу кезінде жобаның тиімділігі мен маңыздылығы жоғалады.

Мұны DamuMed, E-learning, Сайлау және басқа да көптеген келеңсіз жобалар растайды.

Медицина

«DAMU ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС жасаған DamuMed медициналық ақпараттық жүйесін құруға 7,7 млрд теңге бөлінді. Электронды денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, платформа медициналық ақпараттың бірыңғай қоймасына айналуы тиіс еді. Мысалы, тек Қостанай облысында 2017 жылы жобаны іске асыруға 360 млн жұмсалған. Бұл сомаға компьютерлік техниканы сатып алу мен интернетке қосылуды қосса болады. Мұндай жағдай елдің әр аймағында кездесті. Кейін өтінімде 75,5 млн теңгеге жуық 11 607 жалған жазба табылды – дәрігерге келуді жалған тіркеу, жалған кездесулер мен процедуралар, тіпті жалған туыстарды да кездестіруге болады.

Коронавирустық пандемия Қазақстандағы көптеген жыртықтың артын ашты. 2020 жылдың сәуірінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру жүйесі сынақтан өтпегенін айтты.

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова электронды денсаулық паспорттары үшін платформа құру және ақпараттық жүйелерді біріктіру бағдарламаларына басынан бастап шамамен 500 млн доллар жұмсалғанын айтты. Ол бюджеттік бағдарламаларды ұзақ мерзімді қаржыландыруды сынға алды, оған сәйкес халық та, депутаттар да түпкілікті нәтиже көрмеді.

Білім беру

Жалпы, іс-қимылдарды үйлестірудің болмауы, сән-салтанатпен жарияланған «инновациялар» аясындағы сәтсіз аяқталған жобалар Цифрлық даму министрлігі мен басқа да министрліктердің жұмысын көрсетті. Ол туралы ұзақ айтуға болады. Мысалы, пандемия басталғаннан кейін біздің білім беру жүйемізде жұмыс істемейтін қызметтер мен қосымшалар, нашар байланыс, компьютерлердің жетіспеушілігі, пайдаланушылардың сауатсыздығы және т. б. қиындықтар туды.

Тек е-learning электронды оқыту жүйесіне 35 млрд теңге жұмсалды. Бұл идеяны Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы жүзеге асырды. Бірақ бағдарлама істен шықты. Оны тіпті президенттің өзі мойындады.

Бизнес

Соңғы кездері тұрғындар мен кәсіпкерлер Цифрлық даму министрлігінің тағы бір Ashyq қосымшасы туралы жиі айтып кетті. 2021 жылдың сәуірінде Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева қосымшаның функционалдығын сынға алып, оның қауіпсіздігі мен мәліметтер базасының дұрыстығына күмән келтірді. Қосымшаның «иесін» бірден анықтау қиын болып шықты. Кейбір ақпарат көздері бұл Цифрлық даму министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің жобасы десе, енді бірінде мобильді қосымшаны отандық IT – «Digital innovation and transformation» ЖШС жасаған делінген. Соңғы мәлімет расталды. Gurk.kz хабарлағандай, Виталий Пустовойченко жобаны тегін берген.

Айта кетсек, қосымшаның құнынан басқа, мобильді қосымшаны ары қарай алып жүруге қаражат керек. Бірақ оған неше жұмсалғаны айтылмайды, себебі ол коммерциялық құпия.

10 отандық IT-компания соңғы төрт жылда мемлекеттік сатып алу порталын қолдана отырып, өздерінің әр түрлі қызметтерін 23,5 млрд теңгеге сатқан.

Адамдар

Шамасы, Egov-ты қазір сәтсіз жобалардың қатарына жатқызу керек. Оны құру мен іске асыруға 2006 жылдан бері шамамен 46 млрд теңге жұмсалған. Мамандандырылған шенеуніктер мемлекеттік органдардың инфрақұрылымы мен ақпараттық жүйесінде 400-ден астам жүйе бар екенін мойындады. Олардың бөлшектелуі мен үйлесімсіздігі интеграцияда жиі қиындықтар туғызады. Жүйені қолдау үшін бюджеттен жыл сайын қомақты қаражат бөлінеді. Қанша қаражат екенін білу қиынға соқты.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Бұл хайуанаттар бағын және технологиялық әртүрлілікті ретке келтіру үшін біз цифрландырудың платформалық моделіне көшуіміз керек» деді. Жобаны «Ұлттық технологиялар» АҚ жүргізеді.

Әрине, бұған дейін Мусин өзі жақтаған желілерде бәрі нашар болғандықтан, бұл мәселені шешу қажет. Ол үшін бюджеттен әлі де ақша табылады, сол 213,5 млрд. Мүмкін одан да көп.

Қазақстандықтар Post.kz пошта қосымшасына бірнеше рет шағымданды. Сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік кірістер комитетінің Wipon Pro мобильді қосымшасы қолдан жасалған брендтермен, белгісіз брендтермен алкогольдік сусындарды анықтауға арналған жобасы сынға ілікті. 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға арналған арнайы веб-сайттағы жанжал туралы да ешкім ұмытпады. 42500.enbek.kz ресурсы жәрдемақы алуға үміткерлер жаппай жүгінген кезде істен шығып қалған.

Айта кетсек, «Қазақстан-2050» стратегиясының бюджеттік саясатында ақшаны өз мүмкіндіктеріңіздің шегінде ғана жұмсау керек деген тармақ бар.

Бірде-бір бюджеттік теңге босқа кетпеуі керек және ұзақ мерзімді перспективада жалпыұлттық жобаларға өнімді болуға бағытталуы керек.

Алайда, Цифрлық даму министрлігі ұсынылған тағы бір даму жобасы Қазақстан халқының алдында ашылатын жарқын перспективалар туралы айтады. Жобаның сәулетшілері толық жеңістің барлық секторларға әсер ететінін ескертеді, бірақ мұндай бастамалардың әсері кейінге қалдырылады және тек бірнеше жыл өткен соң ғана айқын болады. Атап айтқанда, 2018-2022 жылдары «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 109 млрд теңге тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 169 миллиардтан астам теңге күтілуде. Қазақстан әлемнің озық 30 елімен әлеуметтік-экономикалық дамудағы алшақтықты жабады. Атағы жер жарады. Кем дегенде, ұрпақтары бұл ұзақ мерзімді перспективаның әсерін көреді.

Тағы бір «Цифрлық өмір салты - DigitEL» ұлттық жобасы 48,9 млрд-қа жасалады. Біз бұл бастаманың әсерін 2023 жылы бағалай аламыз.

Сайлау

Сайлаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі бір кездері азаматтарға дауыс беру процесін жеңілдетіп, сайлау процесінің толық ашықтығын қамтамасыз етуі керек еді. Бірақ мұнда да қателіктер табылды. Бұл жүйе 2005 жылы енгізілді, бірақ бір сайлау науқанында қолданылды. 2011 жылы Орталық сайлау комитет (ОСК бұдан әрі) 2007 жылы «сайлаушылар мен саяси партиялардың наразылығына байланысты жүйе кейінге қалдырылды» деп мәлімдеді. 2015 жылы ОСК Сайлау қазіргі уақытта көптеген себептер бойынша мақсатты түрде пайдаланылмайтынын, бірақ ОСК-ның аймақтармен байланыста болуына көмектесетінін хабарлады.

Кейбір мәліметтер бойынша, жобаны Беларусь Ұлттық Ғылым Академиясының Біріккен информатика мәселелері институты жасаған, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді қазақстандық мамандар жасаған. «Сайлау» автоматтандырылған жүйесінің макеті Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, «Қазақтелеком» ААҚ және Microsoft пен Oracle өкілдіктерінің Қазақстандағы өкілдіктерінің мамандарымен бірлесіп жасалды. Жалпы, жүйені енгізуге республикалық бюджеттен шамамен 30 млн доллар бөлу жоспарланған болатын. Олардың қаншасы ауаға кеткені белгісіз.

Тек материалда көрсетілген бастамалардың жалпы бюджеті шамамен 271,2 млрд теңге мен 530 млн долларды құрайды.

Көрсеткіштер не дейді?

БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің ішінде Қазақстан «Электронды үкімет 2020» зерттеуінде 29-шы орынды иеленді, ал біз платформалық моделі біріктіргіміз келетін Ресей – 36 орында. Цифрлық қызметтер рейтингінде біз 11-ші, көршіміз 39-орында. Біздің қызметтер көрсеткіштер бойынша қытайлықтарды да басып озған.

Бір жылдан кейін біз келесі рейтингтің нәтижесін көреміз, бірақ әзірге цифрландыру туының астында бюджет қаражаты мен жеке деректердің жаппай жиналуын байқауға болады. Соңғысы, тәжірибе көрсеткендей, сыртқы ағып кетуден ғана емес, сонымен қатар ішкі ағындардан да жеткілікті түрде қорғалмаған. Біз әр түрлі электронды жүйелер мен қосымшалардың істен шығуына әбден үйреніп қалдық. Технология күнделікті өмірді едәуір жеңілдетуі мүмкін, бірақ оны әлдеқайда қиындатуы да мүмкін. Ал біздің азаматтар бұл фактормен толық таныс. Мүмкін болатын ақаулар мен қателер үшін операторлар жауапқа тартыла ма? Бұл сұрақтың жауабы жоқ.

Авторы: Александр Смолин

Аударған: Айнура Дарибаева

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар