Қазақстанда саяси тұтқындар бар ма? - министр жауабы

cover Фото: ашық дереккөзден

Брифингте Әділет министрі Марат Бекетаев «Қазақстанда саяси тұтқындар жоқ және болмайды да» деп айтты.

Журналистер Әділет министрлігі басшысынан 29 қыркүйекте Брюссельде өткен кездесуде Еуропарламент депутаты Руджа Тун берген саяси тұтқындардың тізімімен танысқан-таныспағанын сұраған.

«Ол іскерлік түскі ас кезінде болды, содан кейін ол тізімді берді. Түскі ас кезінде мен оған Қазақстанда саяси тұтқындар жоқ және болмайды деп жауап бердім. Өйткені, біздің ойымызша, бұл тізімдегі адамдар қарапайым қылмыс жасаған. Біз бұл жағдайды қандай да бір жолмен саясиландыруды дұрыс емес деп санаймыз» деді Бекетаев.

Ол барлық осы тұлғалар туралы ақпарат Еуропарламентке, сондай-ақ осы мәселелерді көтеретін басқа ұйымдарға жіберілгенін айтты.

«Қылмыстық сот процесінде қолданылған дәлелдер туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Әзірге жауап алған жоқпыз. Мұндай арандатушылық мәлімдемелерге қоса, біз оны адам құқығын қорғау мәселелерін талқылаудағы біржақты көзқарас деп санаймыз» деп түйіндеді Бекетаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар