«Ауыр миокард инфаркті мен диабет»: Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды

cover Коллаж: Orda.kz

Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығы туралы ақпарат жария етілді, деп хабарлайды Orda.kz.

Айдос Үкібайдың мәліметінше, Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласындағы президент ісі басқармасы медициналық орталығы Ұлттық госпиталінде ем қабылдаған. Сол кезеңде ол ауқымды миокард инфарк диагнозымен жатқан.

«Дәрігерлер оған ұзақ уақыт бойы ауыр түрде өткен қант диабеті аясында ишемиялық жүрек ауруы, жүрек және өкпе жеткіліксіздігі, сондай-ақ үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагноздарын қойған. С.Назарбаева біраз уақыт жасанды тыныс алдыру және жасанды бүйрек аппаратына қосылған» деп жазды Үкібай.

Биылғы қаңтар айында жағдайы тұрақтануына байланысты стационардан шығарылған. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар