Атырауда Бақытгүл Хаменованың ісі қайта қаралып жатыр

cover

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі қайта қаралып жатыр. Бұл туралы Бақытгүл Хаменованың сіңлісі Айнұр Хаменова Facebook-парақшасында айтты.

«Облыстық сотта әділдік үшін күресті жалғастырамыз. Алла жар болсын! Төрелік әділ болсын!» деп жазды Айнұр Хаменова.

Еске салсақ, Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова мен Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырау қаласында Абай ескерткішін орнату бойынша 145 млн теңге сомасына «мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды» деген күдікке ілінген еді.

Кейін сот үкімімен Бақытгүл Хаменова кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты, ​жазасын өтеу мерзімі 3 жылға кейін шегерілген еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар