Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
Фото: Видеодан кадр
Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасының төрт мүшесі кейін өлі табылған еді. Оларды өлтірді деген күдікпен Индонезияда ұсталған осы отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиевтің Индонезиядан Малайзия арқылы Қазақстанға экстрадицияланған видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Ал оның жұбайы қазір психикалық денсаулық орталығында жатыр, деп хабарлайды Orda.kz
Индонезия полициясының ресми Polres Lombok Utara парақшасында жарияланған видеода басты күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен оның азаматтық некедегі жары Ақбаян Мұқанғалиеваны бір топ полиция Индонезия әуежайынан Қазақстанға жөнелтіп жатыр. Мұқанғалиеваның денсаулығы нашар, тіпті жүре алмай, қол арбада отыр.
Ұсталғаннан кейін Сәрсемалиев кінәсін мойындаған, жедел-тергеу тобы құрылып, оның көрсетуімен тергеу әрекеттері жүргізілді. Әу баста тұтастай жоғалды деген бір отбасының төрт адамы да ақырында өлі табылды. Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіті күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрын жұбайымен бірге тұрған үйінің ауласынан анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу әрекеті барысында Сәрсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындаған. Ол сондай-ақ олардың мәйіттерін Геолог шағын ауданындағы жалға алынған үйдің ауласына көмгенін айтқан.
Ал бұған дейін 8 қаңтарда Сәрсемалиевтің ата-енесінің мәйіті өз ауласындағы ескі сарайдан табылған еді.
Бүгін осы оқиғаға қатысты ішкі істер министірлігі төрт адамның өліміне Сәрсемалиевпен арада болған тұрмыстық жанжал себеп болған деп айтты.
«Төрт адамның өліміне ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжал себеп болған. Тергеу «екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша жүргізіліп жатыр және іс министрліктің бақылауында. Сондай-ақ отбасының кіші қызының бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Оның психикалық жағдайын анықтау қажеттілігіне байланысты сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге жіберілді» деп жазылған ведомства түсіндірмесінде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы