Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Атырау полициясы 37 және 43 жастағы екі тұрғынды ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, олар 2025 жылдың қазан айынан 2026 жылдың наурыз айына дейін интернет арқылы адамдарды алдап келген, деп хабарлайды Orda.kz.       

Әйелдер хабарландыру арқылы жалға берілетін техникаларды тауып, оны «уақытша» алып, кейін ломбардқа өткізіп отырған. Түскен ақшаны қылдай бөліп алып, өз пайдаларына жұмсаған.

Осы іс бойынша барлығы 25 эпизод тіркелген. Қазіргі уақытта екеуіне де тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды бейтаныс адамдарға мүліктерін құжатсыз бермеуге, келісімшарт жасап, жалға алушылардың жеке басын тексеруді сұрады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар