Атырауда ер адамды пәтерде жабылып ұрып кетті

cover Фото: DALL·E нейрожелісі

Атырауда пәтерде ер адамды аяусыз ұрып-соққан. Тепкінің астына қалған ер адам жасөспірім қызбен бір пәтерде ұсталған, деп хабарлайды Orda.kz.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбада екі ер адамның жәбірленушіні ұрып, тепкілеп жатқанын көруге болады. 

Атыраулық блогердің айтуынша, шабуыл жасағандар ер адамды кәмелетке толмаған қызбен бірге ұстап алған. Содан ол еркекті бопсалмақ болып одан ақша талап еткен. Алайда ер адам ақша беруден бас тартқан соң, оны тепкінің астына алып, видеоға түсіріп алған. 

Қазіргі уақытта, полиция оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтап, бөлімшеге жеткізді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар