Атырауда балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді тепті

cover Фото: бейнеден кадр

Атырауда жеке балабақшаның бірінде тәрбиеші баланы тепкен, деп хабарлайды Orda.kz.

Желіде балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тепкен бейнебаян тарады. Оқиға 15 қаңтарда Атыраудың «Зейнеп-Амина» жеке балашақшасында болды. 

Ұл бала болған оқиғаны ата-анасына барып айтқанда, бастапқыда олар сенбеген. Алайда басқа балалардың ата-аналары осыған ұқсас оқиғалардың болғанын растады. 

«Қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу шаралары жүргізілуде»,  деп хабарлады ПД баспасөз қызметі

Тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарылғаны белгілі болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар