Атырау облысының Доссор ауылында азық-түлік тауарлары тиелген жүк көліктері тұрып қалды

cover Фото: Orda.kz

Доссор-Құлсары тас жолында 500-ге жуық жүк көлігі жиналған. Олардың арасында Ресей мен Беларусьтен тез бұзылатын тауарлар, азық-түлік және басқа да тауарлар тиелген жүк көліктері бар, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Ақтаулық кәсіпкерлер облыстық әкімдікке көмек сұрап жүгінген, азық-түлік таратушылардың айтуынша, олардан ешқандай жауап жоқ. Дегенмен бұқаралық ақпарат құралдары Атырау-Ақтау тас жолы жабылғаннан кейін көп ұзамай азық-түлік тасымалдау жүйесі қалпына келтірілді деген ақпарат таратып жатыр.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі теміржол рельстері арқылы баламалы бағыт әзірленгенін хабарлады. 8 сәуір мен 12 сәуір аралығында облысқа 20 вагон азық-түлік жеткізілді.

«Тасымалдау бойынша көмекке мұқтаж кәсіпкерлер бізге хабарласа алады, біз қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Мұраталиев.


Көмек сұрағысы келетін жүк көлігі жүргізушілері үшін +7 701 771 1101 нөмірі берілді. Сондай-ақ, ашық ақпарат көздері арқылы тұрғындар азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына тап болған жағдайда дауыстық хабарламалар жазбай, фотосуреттер мен бейнежазбалар жіберіп,  хабарласуы үшін: +7 702 120 22 20 WhatsApp нөмірі жарияланды. 

Дегенмен, облыс, қала әкімдіктерінің мамандарына жүгінген кәсіпкерлерге Атыраудан вагондар бар екені айтылды.

«Олар бізге жүк көліктерін вагондарға тасымалдауға болатынын айтты. Жеңілдікпен 300-600 мың теңгеге дейін барады. Бұл ретте теміржол арқылы жүк тиеумен кәсіпкерлердің өзі айналысуы керек. Жақын арада жолдар ашылмайды», - деп атап өтті азық-түлік таратушылар. 


Кәсіпкерлер шығынды есептеп жатырмыз, қоймалар бос, жұмысшылар жалақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болады деп отыр. Маңғыстау облысындағы ашытылған сүт өнімдерін сататын дистрибьюторлық компанияның басшысы 18,5 миллион теңгенің тауары тиелген жүк көлігінің екінші күн тоқтап тұрғанын айтады. Жүргізуші жана-жағамайсыз қалған, оны салқындату үшін тоңазытқышты іске қосуға жұмсады. Кәсіпкерлер қосымша шығынсыз жұмыс істей алмайтынын атап өтті.

Сауда компаниясының басшысы Фарид Қинаятов 50 адамнан тұратын командасын жалақысыз еңбек демалысына жіберуге мәжбүр екенін айтады.

«Көрші компанияда 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың жағдайы да осыған ұқсас», – дейді дистрибьюторлық компания өкілі. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар