Атырау облысындағы белсендімен айқасқан әкім

cover Фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысы Қызылқоға ауданынының әкімі белсендімен соттасып жеңіске жетті.

Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлады.
 
Атырау облысының белсендісі Facebook әлеуметтік желісінде Қызылқоға өңірінің әкімі Қанат Әзмұхановты сынап жазба жазған болатын. Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлерді сынға алды. Бұған жауап ретінде аудан әкімі оны жала жапты және жалған ақпарат таратты деп айыптап полицияға хабарласты. Ақыры жазба авторы жала жапқаны үшін кінәлі деп танылды.

Мақат аудандық соты белсендіге 20 тәулікке әкімшілік камауға алу туралы үкімет шығарды. Алайда апелляция үкімді өзгертіп 664 560 теңге көлемінде айыппұл салды.

«Белсенді жол, көпір және басқа да әлеуметтік нысандарға бөлінген 40 миллион теңге мен тұрғын үйлердің құрылысы туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат жариялады. Оның кінәсі іс материалдарымен дәлелденді» деп хабарлады сот.

Еске сала кетсек, Қанат Әзмұхановтың бұған дейін де белсендімен соттасқанын Orda.kz хабарлаған болатын. Әкім ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы сотқа шағым түсіріп, онда да жеңіске жеткен еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар