Атырау облысында полицей жасөспірімді қуамын деп өлтіріп алды
Фото: freepik.com
Атырау облысында патруль кезінде жасөспірімді қағып өлтірген полицейге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторы қызметтік көлікпен патрульдеу кезінде, серіктесімен бірге кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісін анықтап, дыбыстық белгі арқылы тоқтауды талап еткен. Алайда кәмелетке толмаған жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, қаша жөнелген.
Қуғын барысында жол қозғалысы ережесін бұзған кәмелетке толмаған жүргізуші жол жиегіне шығып кетіп, мотоциклді басқара алмай, жерге құлап түсті. Сол сәтте қуып келе жатқан инспектор көлікті дер кезінде тоқтата алмай жерде жатқан жасөспірімді басып кетті.
Сот отырысында прокурор айыпталушыға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Айыпталушы өз кінәсін мойындады. Нәтижесінде полицей кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран