Астананың үстінен түтіні будақтаған ұшақтар ұшып өтеді

cover Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі 23-24 қарашада Астананың үстінде жойғыш ұшақтардың жоспарлы ұшуы болатынын ескертті, деп хабарлайды Orda.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы  түтін қолданғанын көрсету үшін Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары жүзеге асырады.

«Ұшқыштардың ұшуы қауіпсіз биіктікте өтеді және қала өмірінің әдеттегі ырғағын бұзбайды. Бұл ұшу қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады және халыққа қауіп төндірмейді»,  деп атап өтті Қорғаныс министрлігі


Әскери ведомствоның айтуынша, жойғыш ұшақтар пайдаланатын түрлі-түсті түтін қоршаған ортаға зиян келтірмейді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар