Астаналықтарды жарықсыз қалдырғандар ұсталды

cover Фото: freepik.com

Астаналық тұрғындарды жарықсыз қалдырған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz

13 желтоқсанда  қаланың сол жағалауында белгісіз біреулер қосалқы станцияның кабелін ұрлап кеткен. Төрт адам жерасты құдықтарға түнгі уақытта канализациялық люктар арқылы түсіп, кабельдерді ұрлаған. Ұрлық салдарынан сол жағалаудағы бірқатар тұрғын үй кешені жарықсыз қалды.

Қылмыстық топ оларды тазалап, металл қабылдайтын жерге тапсырып үлгерген.

Өткізу орнын тінту барысында жеті қап тазартылған мыс кабель өнімдері және үш радиостанция табылды. Сондай-ақ сатып алушыдан электронды және механикалық таразылар тәркіленді. Топ мүшелерінің ұрлықтың бес фактісіне, оның ішінде трансформаторлық қосалқы станциядан мыс шиналарын ұрлауға қатысы бар екені анықталды.

Күдіктілер қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар