Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қою түтінге оранған өрт шықты

cover

Куәгерлер Астанадағы 7Я тұрғын үй кешеніндегі өрттің видеосын таратып жатыр.

Кадрларда оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатқанын көруге болады. Осы уақытта бу мен түтін будақтары кешеннің барлық қабаттарына тарады.

Белгілі болғандай, сағат 18:21-де Астана қаласының төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері Тәуелсіздік даңғылы, 21 мекенжайына аттанды.

«Келгеннен кейін 8 минут ішінде пәтерде қатты түтін болғаны анықталды.Өрт сөндірушілер дереу есікті ашып, баспалдақ арқылы әйелді терезе арқылы құтқарып, одан әрі тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырды. 18:57 өрт сөндірілді» делінген  төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Оқиға орнына Астана қаласының ТЖД жеке құрамының 26 ​​адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар