Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды

cover Фото: Orda.kz / Ольга Ибраева

Бүгін таңғы сағат 8 шамасында Астанадағы Үкімет үйінің №11 кіреберісінде өрт шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Белгісіз азамат білім министрлігіне кіріп, турникетке тұтандырғыш сұйықтық құйылған бөтелке лақтырған.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сол жерде тұрған өрт сөндіргіштің көмегімен жедел сөндірілген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Астана қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.

«Үкімет үйінің кіреберісінде өрт қойған азамат анықталып, ұсталды. Күдікті — 2000 жылы туған, 24 жастағы азамат. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр»

Оқиға орнындағы бейнебақылау жазбалары тексерілуде. Күдіктінің әрекетіне не түрткі болғаны алдағы тергеу барысында белгілі болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар