Астанада трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшілері мен мүшелері сотталды

cover Фото: freepik.com

Астанада трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық етіп, алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет аса ірі мөлшерде тыйым салынған тауарды шекарадан өткізген ұйымдасқан топ ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Астана сотының мәліметінше, 2016 жылы сотталушылар Ж. мен Р. Қазақстан Республикасынан Түркияға бағалы метал – алтын тасымалдаумен заңсыз айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. Олар қылмыстық топ құрамына өздерінің таныстары мен туыстарын, оның ішінде сотталушы Б.-ны тартқан.

Нәтижесінде сотталушылар 2017-2021 жылдар аралығында 19 іс бойынша Қазақстан Республикасынан Түркияға заңсыз түрде жалпы құны 5 млрд теңгеге жуық бағаланған салмағы 190 келіден жоғары алтын тасымалдаған. 

Сот үкімімен ұйымға басшылық еткен 2 азамат 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Оларға көмектескен  Б. 8 жылға сотталды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар