Астанада LRT-мен жол жүру құны белгілі болды

cover Фото: CTS

Астанада бірнеше жылға созылған жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының құрылысы соңғы кезеңге жақындап қалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Ашық НҚАgov порталында Астана қаласының әкімдігі әзірлеген «Қаладағы жеңіл рельстік көлікпен (LRT) жолаушылар мен жүкті тасымалдау тарифі туралы» жобасы жарияланды.

Ведомство мәліметінше Астаналықтар мен қала қонақтары LRT-ны 67 күннен кейін пайдалана бастайды. Жақын арада елорда тұрғындары қала ішіндегі қоғамдық көліктің жаңа түріне қол жеткізеді.

Қазіргі таңда белгілі мәліметтер:

• Жол ақысы: шамамен 200 теңге

• Әуежайдан «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейінгі жол жүру уақыты — шамамен 40 минут

• Пойыздардың аралығы: 5–10 минут

• Желіде 19 пойыз қатынайды

• Барлығы 18 станция жоспарланған

Астана әкімдігінің мәліметінше, LRT қаланың негізгі көлік артерияларының біріне айналады — жылдам, ыңғайлы және кептеліссіз.

Оқи отырыңыз:

Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерация президентінің кеңесшісі атанды

Енді атыраулықтар Ташкентке тікелей ұша алады

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар