Астанада бұрынғы әйелінің қыр соңынан қалмаған сталкер жазаланды

cover Фото: Orda.kz

Астанада ажырасқаннан кейін де әйелін аңдуын доғармаған сталкерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ер адам бұрынғы әйелінің үйіне келіп мазалап, рұқсатсыз үйіне кіріп, тіпті кіреберіс есігін бүлдіріп кеткен. Әйел бұрынғы күйеуінің іс-әрекетінен қорқып, пәтерін тастап, анасының үйін паналаған. Ер адам сонда да әйелдің артынан қалмаған.

Айыпталушы бұрынғы зайыбына үнемі белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, хабарламалар жазып мазасын алған.

Ер адам сот үкімімен кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар