Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
Фото: gov.kz мұрағатынан көрнекілік үшін
Полиция жол қозғалысы ережелерін, сондай-ақ рөлде отырған кезде демалыс режимін қатаң сақтау қажеттігі туралы бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, кейбір жүргізушілер бұл талаптарды елемей, жол-көлік оқиғаларына себепкер болып жатады, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция мұндай немқұрайлылық көбіне ауыр салдарға әкелетін жол-көлік оқиғаларына себеп болатынын тағы д ескертті.
21 наурыз күні шамамен сағат 05:00-де Астана – Алматы тасжолының 747-шақырымында, Сарышаған ауылы маңында Жамбыл облысы шекарасынан 3 шақырым жерде тағы быр жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 49 жастағы автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегінде сол бағытта тұрған Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты, тағы үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Апат кезінде автобуста 33 жолаушы болған.
Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерге тағы да үндеу жасады:
- белгіленген жылдамдықты асырмаңыз және арақашықтықты сақтаңыз;
- шаршап тұрсаңыз немесе ұйқы қысса рөлге отырмаңыз;
- әр 2–3 сағат сайын демалу үшін тоқтаңыз;
- жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріңіз;
- әсіресе түнгі уақытта ауа райы мен жол жағдайын ескеріңіз.
Сонымен қатар полиция қызметі рөлде шаршаңқы отырған адамның реакциясы төмен болатынын және қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін еске салды. Жолдағы қауіпсіздік әр жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты екені баршаға мәлім, дегенмен осындай ескертуларді елемей жолға шығып кететін жүргізушілердің қатары сиремей тұр.
Түнде ғана Алматыда электромобиль қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Алматы облысындағы күре жолдағы апаттан әйел адам қаза тапты
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты
- Ресей президенті мамыр айының соңында Қазақстанға келеді