Әскерде жүрген Нұргелді Байыш есімді тағы бір сарбаз жындыханаға түсті

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы 99116 әскери бөлімінде қызмет еткен Нұргелді Байыш есімді тағы бір сарбаз қазір психикалық орталықта жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Анасы Жарқынай Лұқпанова сап-сау әскерге аттандырған ұлын не себепті бес айдан соң «жеке тұлғаның бөлінуі» диагнозымен қайтарғанын түсіне алмай отыр.
«18–19 жасқа дейін дені сау болып келген баламыздың бірнеше айда осындай ауруға ұшырауы ақылға қонбайды. Бұл оның болашағына балта шабу», – дейді ол.
Дәрігерлер үш сарбазды бақылауда қалдырып, қалған төртеуіне психикалық ауытқу белгілеріне байланысты анықтама беріп, ата-аналарымен бірге үйлеріне жіберген.
«Жекелеген жарияланымдарда таратылған жеті әскери қызметшінің өз-өзіне қол жұмсауға бейім мінез-құлық танытқаны жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта медициналық мекемеге әскери борышын өтеп жатқан үш сарбаз жатқызылған, олардың тарапынан өз-өзіне қол жұмсауға бейімділік әрекеттері байқалған», – дейді Қорғаныс министрлігі.
Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында 18 жастағы Сұлтан Шынтеміров те жындыханаға түсті. Анасының айтуынша, сарбаз әскерде әлімжеттік көрген соң, бірнеше рет өз-өзіне қол салуға оқталған. Әскери бөлімнің қызметкерлері жағдайды тексерудің орнына жауынгерді психикалық орталыққа жатқызып, істі жылы жабуға тырысқан.
Жаңалықтар
- Әскерде жүрген Нұргелді Байыш есімді тағы бір сарбаз жындыханаға түсті
- «Өгей әкесі мен анасы да сотталсын»: Қарағандыда 15 жастағы қызға үйленген 38 жастағы ер адам сотталып жатыр
- Атырау облысында бетін бүркеген төрт адам ҰҚК қызметкерлеріне шабуыл жасады
- Алматы облысында жеке кәсіпкердің үйіне ұрлыққа түскендер ұсталды
- Қостанайда өз әйелі мен ұлын өлтірген 51 жастағы ер адам тұтқындалды
- Тәліптер Ауғанстанда желіні толығымен өшірді
- Тоқаев пен Трамптың бірге түскен суреті жарияланды
- Дархан Сатыбалды алматылық әлем чемпиондарын марапаттады
- Мбаппе, Винисиус, Беллингем мен Куртуа Алматының жасыл алаңында
- «Қайрат» өз алаңында «Реал Мадридке» қиындық тудыруы мүмкін — Хаби Алонсо
- Қазақстандық «Кадет» көркем фильмі Оскарға ұсынылды
- «Бір нәрсені қайталап сұрадыңыз»: Хасан Қасымбаевтың сотында адвокат судьяға 6 мәрте қарсылық білдірді
- Бейбіт Қорған ұсталды
- Елімізде сегіз өңірдің бас прокуроры ауысты
- Қытайдың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі өлім жазасына кесілді
- Тоқаевтың халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі тағайындалды
- Тоқаев пен Италия президенті бірін-бірі орденмен марапаттады
- «Реал Мадридтен» қорқудың еш қажеті жоқ – «Қайраттың» бас бапкері Уразбахтин
- Шығыс Қазақстан сол күйі жаңа уақыт белдеуінде қалады
- Әнші Рүстем Жүгінісов сотталды