Ашаршылық азабы және шенділердің сән-салтанатқа толы өмірі
Құрметті оқырман, 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Сталиндік саясаттың құрбандарын еске алу мақсатында Алашорда мен Ұлы нәубет жылдары жайлы қысқаша ақпараттар беріп отыруды жөн көрдік.
Бұл жолы қолымызға Сара Камеронның «Аштық жайлаған дала» атты еңбегі түсті. Ағылшын тіліндегі түпнұсқасынан аударған Сәуле және Зәуре Батаевалар. Бұл туындыда ашаршылық тақырыбы өте үлкен ауқымда талқыланған. Қолдан жасалған нәубеттің Алаш жұрты үшін қаншалықты ауыр болғандығын кітаптың мына үзіндісінен толық сезіне аламыз.
«Шу ауданында ашыққандарды тамақтандыратын жерде, Дәнежан есімді шенеунік бір босқынның өліп бара жатқан адамның қарнын жарып жіберіп, бауырын суырып алып шығып, оны екінші аш адамға бергенін және де ол адамның бауырды шикідей жеп қойғанын есіне алады. Басқа дереккөздерде «мүрденің етін жеу» немесе өліп қалған адамдардың мәйіттерін азық ретінде тұтыну сияқты мәліметтер келтірілген. 1933 жылы ақпанда ОГПУ қызметкерлері Әулиеата қаласында адам етін сатқан бір әйелді тұтқындады. Сараптама кезінде медицина қызметкерлері ол еттің алты не жеті жасар баланыкі екенін анықтады...»
Дәл осы сәттерде бұл нәубетті қазақтың басына оңай орнатқан шенділердің жағдайы қандай болды? Оны мына үзіндіден біле аламыз.
«Қазақ босқындарының зауалды мүшкіл жағдайы мен аштықтың адам айтқысыз қасіретін жайлы да жұмсақ теміржол вагондарының терезесінен ғана көздері шалып қалған партия басшыларының қамсыз өмірі арасында бітіспес қарама-қайшылық орын алды. Өзінің өмірбаяндық естеліктерінде, ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілетті уәкілінің орынбасары Сергей Мироновтың әйелі Агнесса Миронова Ашаршылық кезінде Қазақ даласы арқылы пойызбен сапар шеккенін есіне алады: «Ұмытпасам, 1931 жылдың қысында біз Мироша екеуміз Қарағанды арқылы өттік. Біз Николай ІІ заманынан қалған Пульман вагондарында отырдық.
Салонның іші алтын барқытпен, жатын бөлме жасыл барқытпен көмкерілген. Жолсеріктер (аспаздар да солар) бізді жол бойы керемет тамақтандырды». Миронова терезеден аш адамдарды көрсе де, былай деп еске алады: «Бірақ сонымен бірге, бұл қырылып жатқан елді-мекеннің дәл ортасында, біздің» барқытпен апталған пойызымыздың вагонында бірталай азық-түлік бар болатын. Біздің вагонымызда мұздатылған сүр ет, тауық, қой еті, ірімшік, қалағаныңның бәрі бар еді».
Миронованың естелігі білдіріп қойғандай, Ашаршылық жылдары көшпенділерді азып-тоздырып, ал партия басшылығына айрықша сән-салтанатты өмір сүруге итермелеген шектен тыс теңсіздік пайда болды».
Сара Камерон, «Аштық жайлаған дала».
Ықшамдаған Сабина Зәкіржанқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық