Арыстағы жарылыстың сот үкімі наразылық тудырды

cover Мұрағаттан

Арыс қаласындағы оқ-дәрілердің жарылуы бойынша зардап шегуші тарап сот үкіміне наразылық білдірді.

Бұл туралы Orda.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

– Мен 70 млн өтемақы алуым керек еді. Оның 50-ін денсаулығымды қалпына келтіруге жұмсаймын деп отырғам. Ал 20 млн моральдық зиянға, - деді жәбірленуші Айтбек Рысбек.

– Олар бізге бәрін төлеп береміз деп, уәде берді. Міне, үш жыл бойы күттік, - деді істің тағы бір қатысушысы Түзелбай Әшімов.

Атышулы сынақтардың тергеуі бір жылдан астам уақытқа созылды. Қайғылы оқиғаға 16 адам кінәлі деп танылды. Олардың 12-сі 4-10 жылға сотталды, 4-еуі шартты түрде бас бостандығынан айрылды.

Арыста оқ-дәрілердің жарылуы туралы іс 400 томға жетті. Ол бір жылдан астам уақыт бойы қаралды. Сотталушылардың ешқайсысы кінәсін мойындамады, барлығы үкімге шағымдануға дайын.

– Әрқайсысына тағылған кінәнің дәрежесін нақты анықтау қажет болды. Бұл қолдан жасалған жоқ. Жарылыстың нақты себептері әлі анықталған жоқ. Сараптама нәтижелерін тексеру қажет. Онда нюанстар бар, - деді адвокат Бекжан Нұрмағанбет.

Зардап шеккен Арыс тұрғындары сотта көп нәрсені ескермей кетті дейді.

– Мұның бәрі жоғарыдан, бұл жүйе. Ал кейбір сотталушылар өз міндеттеріне жаңа ғана кіріскендер. Бұл бүгінгі емес, ол 30, 40, тіпті 50 жыл бойы қордаланған мәселе. Сондықтан осындай қайғылы жағдайға алып келді. Мен басқаларды соттау керек деп санаймын. Көпшілігі менімен келіседі, - деді зардап шеккендердің бірі.

Еске салсақ, 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасында жарылыс орын алды. Оның салдары басқа да бірқатар жарылыс тударыды. Сол себепті қала тұрғындарын шұғыл эвакуациялау керек болды. Бірнеше адам қайтыс болып, үйлердің көпшілігі қирандыға айналды.

Оқиғадан кейін қала мемлекет пен Қазақстан халқынан жан-жақты көмек алды. Кейбір ғимараттар қалпына келтірілді. Толығымен қираған үйлердің орнына жаңалары салынды.

2020 жылдың маусымында осы іс бойынша сот процесі басталды - 16 адам, негізінен Арыс әскери бөлімінің қызметкерлері мен бірнеше жоғары шенді офицер жауапқа тартылды. Оларға «Қызметке немқұрайлы қарау» және «Қарумен және басқаларға қауіп төндіретін заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу» деген айып тағылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар