Арман Шораев Жанна Кан мен Ситниковты «Миротворец» базасына енгізуді талап етті

Алматыда өткен BeWoman әйелдер форумында ресейлік коуч Алексей Ситников Владимир Путинді ашық мадақтап, қоғамның наразылығын туғызған. Іс-шараны Forbes тізіміндегі қазақстандық миллиардер Сергей Канның жұбайы Жанна Кан ұйымдастырған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қоғам белсендісі Арман Шораев Facebook парақшасында Жанна Кан мен Алексей Ситникованы «Миротворец» сайтына қосуын Украинадағы достарынан өтінген. Оның айтуынша, екеуі де «Путинді қолдайды әрі соғысты ақтайды». Шораев Канға қатысты пікірін ашық жеткізді:
«Осы (Жанна Кан) Шенген аймағын тек телеарнадан ғана көре берсін», — деп жазды ол.
BeWoman әйелдер форумы кезінде Александр Ситников сөз сөйлеп, ел алдында Ресей президентін мадақтаған.
«Путинге қаншама рет шабуыл жасалғанын қараңызшы. 55 ел қақтығысқа қосылды, бірақ ол жеңіске жетіп отыр. Трамп оны ұшақтан түсіргенде қалай қарсы алғанын қараңызшы. Бұлай ешкімді олай қарсы алмайды…» — деді Ситников.
Алексей Ситников өзін мотивация, келіссөздер мен көшбасшылық салаларында эксперт ретінде көрсетеді. 1990-шы жылдары саяси консалтинг жүйесінде жұмыс істеп, Ресейде де, шетелде де науқандарға қатысқан. Оның Instagram парақшасында шамамен 900 мың оқырманы бар. Алайда жиі «псевдосарапшы» деп аталады.
Жанна Кан да сынның астында қалған кезі болған. Жақында Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдіргенде, ол:
«Қазақстандықтар жаңа Қаңтар секілді оқиға болмас үшін көбірек еңбек етуі керек әрі салық төлеуі қажет», — деген болатын.
Жанна Кан — елдегі ықпалды әйелдердің бірі, кәсіпкер Сергей Канның жұбайы. Сергей Кан ЦАТЭК және ЦАЭК компанияларының иесі. Айта кетейік, өткен айда Павлодардағы «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамдығына кіретін ТЭЦ-2 станциясында 33 жастағы дәнекерлеуші қаза тапты. Станция ЦАЭК компаниясына тиесілі, негізгі акционерлері — Александр Клебанов пен Сергей Кан.
Жаңалықтар
- Арман Шораев Жанна Кан мен Ситниковты «Миротворец» базасына енгізуді талап етті
- «Салтанат заңы іске аспайды»: Алматылық әйелді полицейлер құқай көрсеткен күйеуімен татуластырмақ болған
- Семейдегі тым-тырыс сайлау: Алаштың астанасындағы «демократия»
- Әскери басшының қызметкерге балағат сөздер айтқан бейнежазбасы тарады
- Ақтөбеде 14 жастағы Нұржан Сыдықтың өліміне күдікті болған үш оқушы ақталды
- Достық – Мойынты теміржолы: Президент Тоқаевты кім алдады?
- Ақорда берген пәтер: Тоқаевтың жеке журналисінің басы дауға қалды
- Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды
- Шерхан Қалмырзаға ғылым министрі грант табыстады
- Басы дауға қалған көлік министрлігінң шенеунігі «әкімдікке» жіберілді
- Қазақстанда Джеки Чан ойнайтын жаңа «Құдіретті сауыт» фильмі түсіріледі
- Тамара Асардың өгей ұлы өмірден озды
- Президент резиденциялары дирекциясының бұрынғы басшысы заңсыз алтын өндірген
- Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі банкрот деп танылды
- Қоянқұста ата-аналар балаларын мектепке жібере алмай отыр
- Қызылордада мүмкіндігі шектеулі баланы қорлап, аяғын күйдіргендер ұсталды
- Екібастұзда КСРО басшысы Георгий Маленков тұрған пәтер сатылымға шықты
- Таразда әкімдік қызметкерлері мемлекеттік мүлікті заңсыз сатқан
- Дана Әбдірова Перудегі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
- Республика сарайында Путинді жер-көкке сыйдырмай мақтаған Ситников кім?