Арман Қасенов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

cover Фото: Үкімет

Арман Қасенов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Бәкітжанұлы Қасенов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада.

2023 жылдан бастап Қасенов «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін 2009 жылдан бастап Қазақстанның ірі жеке және мемлекеттік қаржы институттарында басшылық қызметтерде жұмыс істеген. Оның еңбек жолы 2002 жылы қаржы секторында басталып, осы уақыт ішінде қаржылық менеджмент, инвестициялық жобалар және бизнес саласында 20 жылдық тәжірибе жинақтады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар