Апатқа ұшыраған ұшақтың өндірушілері Ақтауға жол тартты

cover Фото: Orda.kz

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев брифингте ұшақты жасап шығарған ел өкілдерінің оқиға орнына жол тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Ластаевтың сөзінше, ұшақты шығарған Бразилия елінің өкілдері Қазақстанға жол тартты.

«Жұмыстың далалық кезеңі басталады және айғақтар жиналып, ұшақтың моделі қайта жасалады. Бүгін комиссия құрылып, сарапшылар мен Embraer өкілдері ертең Қазақстанға келеді. Өйткені ол компаниядан басқа ұшақтың қалай жасалғанын ешкім білмейді. Керек адамдар жиналғанда, әуе апаты қалай болғанын анықтайды және бұл әдісті барлық елдер ұстанады», – деді Ластаев. 

Айта кетейік, бүгінгі брифингте денсаулық сақтау вице-министрі науқастардың жағдайын мәлімдеген болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар