Америкалықтар асырап алған қазақ қызының өлімі туралы жаңа дерек шықты

cover Фото: инстаграм/janar_baisemiz

Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсады. Журналист Жанар Байсеміз Динараның жеке басына қатысты мәліметтерді жариялай алмайтынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Динара 26 жасында өз-өзіне қол салды. Динараны 6 жасында америкалық отбасы асырап алған. Ол оған дейін Қостанайдағы балалар үйінде тәрбиеленген. 

Динараның АҚШ-тағы ата-анасы жылдар өткесін ажырасып кеткен. Кейін қазақ қызы тағы да жалғыз қалған. 

«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының жүргізушісі Жанар Байсеміз әлеуметтік желідегі парақшасында Динараның өліміне қатысты жаңа дерек болса хабарлайтынын айтты. 

«Кеше Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінен хабарласты. Консулымыз Жүсіп Орынбай ата-анасынан хабар алуға тырысып жатқанын айтты. Динараның суицид жасауына не түрткі болғаны әлі белгісіз. Артына хат қалдырды ма, оны да білмейміз» деп жазды журналист.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар