Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды

cover Фото: Kazakh American Association

Қазақстанда туған, АҚШ-тағы отбасы асырап алған ер адам өзінің биологиялық ата-анасын іздейді. Facebook-тегі Kazakh American Association тобында ер адамның әйелі жазба жариялады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Америкалық әйелдің айтуынша, оның күйеуі Николас Пикколо өзінің биологиялық ата-анасын іздеп жүр. Ол 1998 жылы 26 қарашада Қарағандыда дүниеге келген. Оның Қазақстандағы аты-жөні Руслан Умурзаков болған.

Оны Қарағандағы «Малютка» балалар үйінен 2003 жылдың 19 қаңтарында асырап алған. 

«Біздегі бар ақпаратымыз осы. Біреу бізге көмектесе алады дегенге сенім жоқ. Бірақ мүмкіндігіңіз болса, бізбен байланысыңыз»  деп жазды шетелдік әйел.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар