AMANAT партиясының қызметкері жас қыздарды алаяқтық іске араластырған
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Шымкентте дипломын жаңа алған жас қыздар алаяқтың құрбаны болды. Олардың әрқайсысының атына ЖК (ИП) арқылы 400 миллион теңгеге дейін заңсыз ақша айналымы жасалған. Бұл қылмыстың басында AMANAT партиясының қызметкері тұрған көрінеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы заңгер Сардар Әбдіжақия мәлімдеді. Оның айтуынша, әуелі ер адам қыздардың сеніміне кіріп, олардан көмек сұраған. Кейін олардың атынан ЖК (ИП) ашқызып, заңсыз ақша айналымын жасаған. Әрқайсы жәбірленушінің атынан 400 млн теңгеге дейін заңсыз ақша айналымы жасалған. Кейіннен ер адам қыздарды бопсалап, «соттатып жіберемін» деп қорқытқан. Заңгер бұл қылмыстың басында тұрған азаматтың АМАNАТ паритиясында қызмет атқаратынын айтты.
«Kaspi gold арқылы атынан миллиондаған қаражат аударылған азаматтың АМАNАТ партиясында жұмыс істейтіні белгілі болғандықтан, 22- шілде күні партияға барып араша сұрағаным рас. Бірақ блогерлерге алданған адамдарды емес, осы партияда жұмыс істейтін азаматтың өзіне және оның келіншегіне шағым айтып барған едім. Алайда осы партияның атынан мандатқа ие болған ел ағасы басқаша уәж келтіріп ақпарат жариялапты. Үндемедім. Бірақ бұл үнсіздік қылмысты жасырып қаламын дегенім емес» деп жазды заңгер.
Бүгінгі таңда Сардар Әбдіжақия тиісті орындарға хат жолдап, заңсыз ақша айналымы бойынша қыздарға араша сұрап шағым жолдаған.
Айта кетейік, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті ректорат ғимаратының 14-қабатынан секіріп, көз жұмды.
Жаңалықтар
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды